• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:03:02
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық әкімдігі мұзқалашық салуға 80 млн теңге жоспарлап отыр, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Арна 80 млн теңгеге не салынатынын білу үшін әкімдікке хат жолдаған.

"Алматы" ауданында тоғыз алаң. Оның ішінде үш тұрғын алабында жеті мұз төбешігі мен бес мұз айдыны орналасады. Сондай-ақ ауданның үш мектебіне үш мұз айдыны салынады" делінген хабарламада.

Алайда әкімдік мұз қалашықтың құнына қатысты пікір білдірмеді.

Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, пандемия кезінде қаражатты үнемдеп жұмсау керек.

– Індет кезінде бәріміз де қанағат тұтып, ақшаны үнемдеп жұмсауға көшуіміз керек. Бұл біріншіден мемлекетке тиісті. Мемлекеттің халықтың алдында белгілі бір міндеті бар. Сондықтан 80 миллион теңгеге мұзқала салу – ақылға сыймайтын мәселе, – дейді саясаткер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір